Skip to main content
Астана қаласы әкімдігінің Білім басқармасы
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • 87172420664

"№ 69 "Еркем-ай" балабақшасы"

20 Ақп 2024

«БЕСТЕМШЕ» ҚЫЗЫҚТЫ ДА КӨҢІЛДІ ҰЛТТЫҚ ОЙЫН

«Бестемше – қазақ халқының зияткерлік мұрасы» - осы ұранмен 2024 жылдың 16 ақпанында «Айгөлек» бөбекжай – бақшасы» МКҚК базасында Петропавл қаласы және Астана қаласының «№ 69 «Еркемай» балабақшасы» МКҚК мектепалды білім ұйым педагогтері арасында бестемшадан облыстық жолдастық турнир өтті. Турнир қорытындысы бойынша 1 орын – С.А. Костылев («Алтын бесік» бөбекжай-бақшасы» МКҚК), 2 орын – А.Ж.Таждинова («№69 «Еркем-ай» балабақшасы» МКҚК Астана қаласы) және Э.М. Армиенова («Айгөлек» бөбекжай-бақшасы» МКҚК), 3 орын – Я.М. Ғалымжанов («Петушок» МКҚК), Г.Б. Еселбаева («№69 «Еркем-ай» балабақшасы» МКҚК, Астана қаласы), Т.С. Бекжанов («Алтын бесік» бөбекжай-бақшасы» МКҚК) ие болды. Жеңімпаздар дипломдармен марапатталып, барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды. Жеңімпаздар мен қатысушыларды құттықтаймыз. Бестемше ойыны бойынша зияткерлік турнирлер қаланың мектеп жасына дейінгі балалары арасында жақсы дәстүрге айналады деп сенеміз.