Бүгін 27.11.2023 ж. күні Астана қаласында "Мектепке дейінгі және орта білім берудегі заманауи тренділер: тәуекелдер мен мүмкіндіктер" атты Республикалық деңгейде фестиваль-конференция өтті. Фестивалға Ахмед-Заки Дархан Жумаканович Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім вице-министрі, Айбат Ильясов ҚР Білім вице-министрі қатысып: "Білім болашақ-кепілі, ақпараттық технология саласының дамуы елдің өркендеуіне тікелей қатысты" екендігін атап өтіп, қатысушыларға сәттілік тілеп, фестивальдің ашылу салтанатымен құттықтады. Сондай- ақ, Фестивальға спикер ретінде # 69 "Еркем-ай" балабақшасының меңгерушісі М.Ахметова, психолог маманы, Н.Жолымбетова, қазақ тілі мұғалімі С.Ислам қатысып, балабақшаның болашағы, қазақ тілінің дамуы туралы өз ойларымен бөлісіп, тәжірибе алмасты. #еркемайбалабақшасы #балабақша
© 2023 Ualihan.
All Rights Reserved.