Skip to main content
Астана қаласы әкімдігінің Білім басқармасы
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • 87172420664

"№ 69 "Еркем-ай" балабақшасы"

05 Нау 2024

Астана қаласы әкімдігінің №69 "Еркем-ай" балабақшасы МКҚК Республикалық челленджін жалғастырды

Астана қаласы әкімдігінің №69 "Еркем-ай" балабақшасы МКҚК Республикалық челленджін жалғастырды. Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театры әкімшілігі әлеуметтік серіктесімен бірлесе жұмыс жасай отырып, балабақшамыздың бүлдіршіндері біздің құрметті асыл аналарымыз бен ұстаздарымызды 8 наурыз —Халықаралық мерекемен салтанатты түрде құттықтады. Әйел-Ана, ұстаз – ол өмірдің өзегі, тіршіліктің күре тамыры, ыстық ықылас пен ыждаһаттың, пәктік пен тазалықтың қайнары. Еліміздің сән-салтанаты мен Елордамыздың мерейінің үстем болуында да қашанда нәзік жандардың еселі еңбегі мен қажырлы қайратының қарымды үлесі жатыр. Олай болса, көктемнің осынау шуақты мерекесі көңілдеріңізді нұрға, жүректеріңізді жырға бөлесін. Құрметті асыл жандар баршыңызға құтты болсын! Құрметпен: №69 «Еркем-ай» балабақшасы ұжымы