Skip to main content
Астана қаласы әкімдігінің Білім басқармасы
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • 87172420664

"№ 69 "Еркем-ай" балабақшасы"

05 Шлд 2023

«Ұлттық Домбыра күніне» арналған «Нағыз қазақ – домбыра!» атты  қалалық  мерекелік іс-шара өтті

2023 жылы 03 шілдеде  №69 «Еркем-ай» балабақшасында Астана қаласы  Білім басқармасымен және Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК  ұйымдастыруымен Астана қаласының 25 жыл, «Еркем-ай» балабақшасының 10 жыл мерейтойларына және «Ұлттық Домбыра күніне» арналған «Нағыз қазақ – домбыра!» атты  қалалық  мерекелік іс-шара өтті.
    Іс-шараға Білім Басқармасы бастығының орынбасары Серік Тәукеұлы, мектепке дейінгі бөлімінің басшысы Ережепова Айгүл Қайратқызы,   әдістемелік орталықтың өкілдері,  балабақша меңгерушілері, әлеуметтік серіктестер, балабақша ұжымы, ата-аналар, балабақшаның «Әжелер мен аталар академиясы», «Әкелер мектебі», «Аналар институты» және балалар қатысты.
         Іс-шараның мақсаты:  балалардың шығармашылық қабілетін өсіре отырып жеке тұлғаның рухани адамгершілігін дамыту. Мәдени сауатты, қазақтың аспаптық музыкасын терең түсінетін, құрметтейтін, өресі биік, халқымыздың ұлттық аспабы домбыраны қастерлейтін ұрпақ тәрбиелеу. Өнерге бейімдеу арқылы әсемдік әлемін таныту, өнерге деген сүйіспеншілігін, ынта - ықыласын арттыру.
    Бағдарлама 2 бөлімде ұсынылды.
Бірінші бөлімде – «Домбыра жыры тербейді» айдарымен іс-шараға келген қонақтарды қарсы алып, балабақша ауласында жайылған дастарханда ыстық бауырсақ пен буы бұрқырап қайнаған самаурынмен шай ұсынылды. Әуен ырғағымен балабақшаның  «Артгаллерея» аймағында «Домбыра - асыл қазынам» тақырыбында балалар шығармашылық орталығы өз жұмысын жүргізді. 
Іс-шараның екінші бөлімінде барлық қонақтар сахна алаңына шақырылды. Келген қонақтар «Бұлақ көрсең - көзін аш» деген бастауды басшылыққа алған балабақша ұжымының  «Ризашылық бұлағы» аллеясының ашылу салтанатын лента қию рәсіміне және киелі өнер ордасы – болашақ жұлдыздардың жарқырауына мүмкіндік беретін сахнаның ашылу салтанатының куәсі болды. Мерекелік шараға белгілі балалар ақыны, "Дарабоз", "Алтын тобылғы", "Рух" байқауларының жеңімпазы, республикалық "Иман" журналының және "Мұнара" газетінің бас редакторы, "Ақпарат саласының үздігі" Серікбол Хасан құттықтап келіп, өз шығармашылығынан сыйлық тарту етсе, "Еркем-ай" балабақшасының ата-анасы, ата-аналар кеңесінің төрағасы,  журналист, аудармашы, оқытушы балалар әдебиетінің классигі, көрнекті ақын Жеңіс Қашқыновтың ұрпағы Ернат Мелсұлы бағдарламаға жүргізуші болды.

Видео с Youtube

Видео с Youtube